Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қандай ескерту жасады

04.11.2023 19:59

Әр көлікте төтенше жағдайға қажет заттар болу керек

Сурет: elements.envato.com

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын SMS ескертулерді қадағалауды сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Әр көлікте төтенше жағдайға қажет заттар болу керек: 

дәнекерлеу шамы;

сымарқан;

доңғалақ тізбектері;

күрек;

парафинді шамдар;

сонымен қатар жылы киім, қажет заттар, азық-түлік пен су қоры.

 - Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз, бірнеше көлікпен топтасып жүру керек. Себебі бұзылған жағдайда жүргізушілер көмекке келе алады, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қандай