|
02.08.2020 | 14:59
7139

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Сауна әкімшісінен түсініктеме алынды

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды polisia.kz

Карантин режимін сақтамай, қызметін жалғастырған сауна анықталды, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейдтік іс-шара барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтады. Атап айтсақ, Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан “Опушка” саунасын кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оғиға орнында санитарлық талаптар өреске бұзылған. Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир