15 қыркүйек – соңғы күн: Қазақстанда кімдер декларация тапсыруға міндетті
Елде декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды. Азаматтар 15 қыркүйекке дейін тиісті есептілігін тапсыруы керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Декларацияны белгіленген мерзімде өткізбегендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Былтыр 245 адам 5,5 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген. Биыл да декларация тапсыруға міндетті азаматтар белгіленген мерзімді өткізіп алмауы қажет. Тиісті талаптар мен міндеттемелер туралы студия қонағы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдер басқармасының Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы Ернат Сайлауов айтады.
– Ернат мырза, декларацияны қанша азамат тапсыруы тиіс және нақты қандай санаттағы азаматтар декларация тапсыруға міндетті?
«ҚР Салық кодексінің 418-бабына сәйкес, активтер мен міндеттемелер және кірістер мен мүлік туралы декларация бірыңғай орталық жүйеде автоматтандырылған және биыл 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. ҚР мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайлары, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік органға ұсынылған кандидаттар және олардың жұбайлары, сонымен қатар жеке практикамен айналысатын тұлғалар, оның ішінде атап айтқанда нотариустар, жеке сот орындаушысы практикасымен айналысатын жеке тұлғалар және шетелде активтері бар тұлғалар декларация тапсыруға міндеттелген.
– Декларацияны белгіленген мерзімнен кеш тапсырған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған және айыппұл қалай есептеледі?
«Аталған декларацияны егер де салық төлеуші 15 қыркүйектен кешіктірсе, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 272-і бабына сәйкес бірінші жолы ескерту беріледі. Аталған ескерту 1 жылдың ішінде қайталанатын болса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егерде салық төлеуші декларацияда толық мәлімет бермесе, бірінші жылы ескерту жасалады. Аталған ескерту 1 жылдың ішінде қайталанатын болса, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егерде ҚР азаматында шетелде активтер мен міндеттемелері және банктік шоттары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетпесе, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды».
– Декларацияда нақты нені көрсетуі керек?
«Егер де жеке тұлға өздерінің кірістері болған жағдайда және де аталған жыл үшін сатып алынған, сатқан мүлкі болған жағдайда, сонымен қатар шетелдегі активтері мен міндеттемелері болған жағдайда декларцияны 5 қырүйекке дейін көрсету міндеттелген. Аталған декларацияны екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы және де «Е-салық» қызметі арқылы тапсыруға болады»
Оқи отырыңыз: Қазақстанның капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленді