15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдігін пайдаланып жүр
Қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар
Алматыда 15 344 автокөлік иесі коммуналдық ақылы автотұрақтарда жеңілдіктерді пайдаланып жүр. Қалада тұрғындардың әртүрлі санаттарының мүддесін ескере отырып, коммуналдық ақылы автотұрақ жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасып жатыр. Басым бағыттардың бірі халықтың әлеуметтік осал топтары мен жеңілдік алуға құқығы бар басқа да санаттағы азаматтар үшін автотұрақ инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл туралы «Алматы Паркинг» КМК мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жеңілдік I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен отбасылардың мүшелеріне беріледі. Бұл мүмкіндік электромобильдер мен арнайы көлік құралдарының иелеріне де қарастырылған.
Қазіргі таңда қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар. Алдағы уақытта олардың санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұған қоса, көлік иелеріне қызмет алу уақытын үнемдеу үшін жеңілдікпен тұрақтауға арналған рұқсаттарды рәсімдеу тәртібін оңайлату және цифрлық сервистерді дамыту көзделген.
«Алматы Паркинг» КМК мамандарының мәліметінше, автотұрақ желісін кеңейту жұмыстары қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар жүргізіледі. Сондай-ақ тұрақ орындарының тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін қолжетімді болуына басымдық беріледі.
Оқи отырыңыз: Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды