Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтаудағы сауналардың бірінен жезөкшелер ордасы анықталып, бір топ қыз-келіншек ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер жезөкшелер ордасын газеттегі астыртын жарнама арқылы анықтаған. Өздерін әдейі тұтынушы ретінде таныстырған.
«Шамамен түнгі 12-де ақылы түрде интим қызметін көрсететін 12 қыз-келіншек пен оларды тасымалдайтын 3 жүргізуші ұсталды. 12 әйелдің екеуі Өзбекстан азаматы, қалғаны жергілікті тұрғындар. Барлығы тіркеуге алынып, есепке қойылды», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.