KSP Steel ЖШС еңбек ұжымы кезектен тыс президенттік сайлаудың өткізілуі мен «Nur Otan» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінің шешімін қолдау жөніндегі митингке жиналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Іс-шара кезінде кәсіпорын жұмыскерлері қазақстандықтарды алдағы сайлауда белсенді азаматтық позиция танытуға шақырды. Зауыт құбыр өңдеу учаскесінің қоймашысы Алина Кутькованың айтуынша, халықтың қолдауына ие болған жаңа президент Елбасының саясатын одан әрі жалғастыруы тиіс.
«Павлодар өңірінің қоғам қайраткерлері жақында өткен «Nur Otan» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінің шешіміне қолдау білдірді», - дейді Алина Кутькова.
«Сайлау кезінде қазақстандықтар дұрыс таңдау жасап, елімізді абыройлы саясаткер басқарады деп сенемін. Сондықтан бәріміз ел саясатын қолдап, дауыс беруге қатысуымыз керек. 9 маусымда әрбіреуіміз сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауымызды жасауға шақырамын. Кәсіпорын инженері Аслан Бәдесбаев алдағы сайлаудың әділ өтетіндігіне кәміл сенетінін жеткізді. Елімізде өтететін кезектен тыс президенттік сайлаудың өтетінін қолдаймын», - дейді Аслан Бәдесбаев.
KSP Steel ЖШС еліміздегі құбыр прокаты жөніндегі бірегей кәсіпорын. ТМД кеңістігінде мұнай-газ сортаментіндегі құбырлардың үздік жеткізушісі атағына ие зауытта қазіргі кезде жеті мың жұмыскер еңбек етеді. Былтыр KSP Steel өндірген өнімнің көлемі 50 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш тағы 25 пайызға артады деп жоспарлануда.