Алматыда бірқатар көшелер жабылады

18.06.2019 20:12

18 маусым түнгі 23:00-ден 19 маусым таңғы 06:00-ға дейін

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінің кей тұстарында жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай көшесінің Қабанбай батыр мен Абай көшесіне дейінгі бөлігі 18 маусымда түнгі 23:00 мен 19 маусым таңғы 06:00 аралығында жабық болады», – деді «Алматы жолдары» ақпараттық ресурсынан.

Сонымен қатар, Алатау ауданында да жол қозғалысы шектелетін болды.

«19-20 маусым аралығында Тәкежанов көшесінің Ұйғыр көшесі мен Үлкен Алматы каналы жолына дейінгі бөлігінде асфальттің беткі қабаты алынады», – делінген хабарламада.

Теги: жол көше