«Қазавтожол» филиалының басшылары 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

18.06.2019 20:25

«Қазавтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының директоры мен орынбасарлары бірнеше рет пара алу, бюджет ақшасын жымқыру күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Олар Маңғыстау облысындағы автожолдардың құрылысы кезінде орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу нұсқасына сай, аталған топ орындалған жұмыс туралы жалған құжаттарды толтыру арқылы 500 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған», - делінген хабарламада.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының басшылары уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы кесім сотта шығарылады.