Елордадағы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Сарайшық көшесінде салынып бітпеген нысан толығымен бұзылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ғимаратты құлату сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың пікірінше, мұндай шара туралы халықты алдын ала хабардар ету керек және қас қарайған кезде өткізбеген жөн. Ал «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі бұл нысанды салу кезінде құрылыс жұмыстарының ережесі бұзылғанын, сондықтан оны бұзу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта жер пайдалану құқығына сәйкес «Астана әлеуметтік корпарациясы» АҚ жер учаскесін «Виол» шектеулі серіктесіне берді. Бұл жерде бизнес орталық ғимараты, қонақүй, автопаркинг, мейрамхана және осы ауданға қажетті басқа да инфрақұрылым салынады. Айта кету керек, жоба толығымен инвестор есебімен қаржыландырылады», – деді «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы Айгерім Ақшолақова.