Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жібереді

09.02.2023 20:01

Мемлекет басшысы ТЖМ Юрий Ильинді тыңдады

Фото ©РИА Новости

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жібереді. Президент Үкіметке тиісті тапсырма берді. Қолдау шарасы ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ТЖМ Юрий Ильинді тыңдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен аймақтарда қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары баяндалды. 

Министр мәліметінше, бүгінгі таңда Хатай қаласына тағы да құтқарушылардың бір тобы мен кинологтар хабарсыз кеткен отандастырымызды іздеуге барған.