Жұмыртқа бағасы неліктен өсіп жатыр
elements.envato.com
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі дүкендерде жұмыртқа бағасы неліктен өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқапаратқа сілтеме жасап.
«Елімізде жұмыртқа бағасының өсуі байқалды. Яғни, маусымдық өсім болды», - деді Арман Шаққалиев.
Министр өзі басқарып отырған ведомство тауар бағасына мониторинг жүргізіп жатқанын айтты.
«Бұл саладағы өзгерістер үнемі маусымдық сипатта болады. Бұған үйренуіміз керек. Жазда жұмыртқа арзандаса, қыста қымбаттайды, бұған сабырмен қарау керек», - деді А. Шаққалиев.
Ведомство басшысы қазір елімізде 5 млрд 100 миллионға жуық жұмыртқа өндіретін 34 құс фабрикасы бар екенін айтты. Жылына Қазақстан халқы 5 миллиард жұмыртқа сатып алады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31