Қоғамдық кеңес мүшелері «Алматы қаласының ерекше мәртебесі» туралы заңды талқылады

10.01.2020 20:02

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қабылданып, бекітілген құжатқа салаларды дамыту мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді

Кезекті отырыста басқарма басшылары осы жоспарларымен бөлісті. Маңызды құжат сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, жасыл қорды сақтау, кәсіпкерлік, коммуналдық меншікті басқару, көлік және әлеуметтік салаларын қамтиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз Алматының жасыл желек қорына алаңдаймыз. Оны құтқарып, көбірек ағаштар егуіміз керек. Жаңа ережеге жасыл желек санын арттырып, жағдайын жақсартатын барлық өзгерістерді енгіземіз. Осындай әрекеттерден кейін қордың жағдайы жақсарады деп ойлаймын. Қазір біраз ережелерді дайындап қойдық»,-деді Қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Айдын ТЕМЕШОВ.

Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңына қала әкімдігі 28 ұсыныс берген болатын. Өзгертулер әсіресе қала құрылысы саласында теңгерімсіздік пен ретсіздікті жою үшін енгізілді. Өз кезегінде, қоғамдық кеңес мүшелері алға қойылған мақсаттардың орындалуын қадағалаймыз деп білек сыбанып отыр. Оған қоса, қашанда халықтың пікірі ескірусіз қалмайды деді белсенділер.