Жол қозғалысы ережелеріне айтар шағымыңыз бар ма?
Немесе жол белгілерінің жоқтығы мен істен шыққан бағдаршамдар шаршатты ма?
«Сергек» бейнебақылау камералары өзін ақтай ма?
Көше қозғалысы ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұлыңыз бар ма? Және оны қалай төлеу керек?
Бүгін 5 қараша кешкі сағат 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде осы және басқа да сұрақтарға Алматы қаласы әкімшілік басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев жауап береді.
Қалалық әкімшілік басқармасының басшысына қояр сұрақтарыңызды мына нөмірге жіберсеңіздер болады: WhatsApp 8 777 046 33 33, сондай-ақ Almaty TV арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыра да аласыздар.
Сұрақтарыңызды сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып қойсаңыздар да болады.
Бағдарламаның тікелей эфирін Аlmaty.tv арнасының Facebook и YouTube парақшаларынан көре аласыздар.