Бақшасы жеміске емес, көкнәрға толы зейнеткер анықталды

Almaty TV
Almaty TV

Жамбыл облысының тұрғыны қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында үйінің ауласында есірткі өсірген азамат қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

61 жастағы қария бақшасына қарасора егіп, соны өсірумен айналысқан. Егде жастағы тұрғын бағында 1520 түп көкнәр баптап, 37 түп каннабис бұтасын өсірген. Сөйтіп кептіруге арналған  құрал-сайманымен тауар әзірлемек болған. Полицейлер тұрғынның ауласынан 100 кг есірткі тәркіледі. Қазір қарасора бағының көзі жойылды. Ал азамат есірткі сатып, пайда көрмек болды деген күдікке ілініп отыр.

- Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Жалпы "Қарасора-2024" іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтауға бағытталған іс-шаралар одан әрмен жалғасады, - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз:  Террористік әрекеттер ұйымдастырған деген күдікпен 5 адам ұсталды

Новости партнеров