Құқық қорғаушылар Таразды «криминалды шаһар» деген атаудан арылып жатыр деп санайды. Оған соңғы статистикалық мәліметтер дәлел, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәселен, соңғы 5 жылда өңірдегі қылмыс дерегі 2 есеге төмендеген. Қасақана кісі өлтіру дерегі 50 % азайған. Сонымен қатар пәтер ұрлығы 6% төмендеген. Прокуратура мамандары өңір елдегі қылмыс бойынша 20 аймақтың ішінде 19-сатыға түсті деп мәлімдеді.
Оған қоса, облыстағы 3 ауылда соңғы 4 жылда бірде-бір заңбұзушылық болмапты. Әрі аймақта ішімдіктен бас тартқан 12 елдімекен «ең қауіпсіз ауыл» деп танылған. Мамандардың айтуынша, қылмыстың төмендеуіне қала көшелерін жарықтандыру мен бейнебақылаудың көбеюі түрткі болды.
- Қазіргі таңда қылмыстылық, оның ішінде есірткі, интернет алаяқтық қылмысымен күресу мақсатында ведомствоаралық кеңестер өтіп, онда «Тараз - қауіпсіз қала» бағдарламалары «Есірткісіз болашақ», «интернет алаяқтығымен күрес» жобалары жүзеге асуда, - дейді Жамбыл облыстық прокуратурасының аға прокуроры Айдар Мадимаров.
Оқи отырыңыз: Бақшасы жеміске емес, көкнәрға толы зейнеткер анықталды