Президент сайлауы – оң өзгерістердің бастауы. Бүгін Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылаған әлеуметтанушылар қауымдастығының өкілдері осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елде болатын саяси науқан алдында мамандар бір алаңға жиналып, өзара ой бөлісті. Жиналғандардың айтуынша, кезектен тыс президент сайлауының әділ өтуі үшін халықтың белсенді қатысуы да аса маңызды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру жөнінде ұсыныс білдірді. Мәселе механизмде болып тұр, тетіктерінде. Кім жүргізеді? Қалай жүргізеді? Мәслихатқа да, Мәжіліске де жаңа билік құрамы керек болды. Жаңа оймен, жаңару үшін ойтаным, ойтолғау керек. Оны іске асыруымыз керек, оны іске асыратын кім? Жастар», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов.