|
13.06.2019 | 16:13
4652

Үш қызды қорлаған өгей шеше 7 жылға сотталуы мүмкін

28 жастағы әйел бүгін сот алдында жауап берді

Үш қызды қорлаған өгей шеше 7 жылға сотталуы мүмкін

Жұртты іс-әрекетімен шулатқан өгей шеше сот алдында жауап берді. Сот процесі Түркістанда қаралып жатыр, деп хабарлайды «Отырар».

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған. Аталмыш баптарға сәйкес ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізде болса, жетісайлық 28 жастағы әйел үрімдей үш қызына қорлық көрсетіп, тіпті өзінің қорлық тәсілдерін арнайы дәптерге тізіп жазып жүрген болатын. Оқушы қыздардың денесіндегі соққының ізін алғаш мектеп ұстаздары  байқап, былықтың бетін ашуға септігін тигізді.

Қоғамда резонанс туғызған оқиғадан кейін өгей шеше шұғыл түрде үй қамауына алынды. Себебі сот оның кәмелтке толмаған баласының барын және өзінің де аяғы ауыр екендігін ескеген-ді. Қорлық көрген апалы-сіңлілі үш қыз Шымкенттегі арнайы оқшаулау орталығына алынған. Кезекті сот отырысы 17 маусымда өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир