Астана тұрғыны күйеуінде қалған екі баласын қайтарудың амалын таба алар емес. Туған әкесінің екі баласын қинап, анасына қарсы қойып отырғанын айтады.
Гюзель Сағынтаева күйеуінің озбырлығына шыдамай ажырасқан. Екі баласынан өзге ешнәрсе алмастан кете барды, деп хабарлайды 31 арна.
Құқық қорғау органдарының көмегімен Біріккен Араб әмірлігіне балаларымен бірге туристік компания арқылы кетіп қалды. Ал, елге оралғанда екі баласы бұрынғы күйеуі ұрлап кетеді.
«Гюзельдің анасынан басқа ешкімі жоқ. Жұмыс істеп, ақша табуы үшін араб елінде келісімге қол қойған. Сондықтан ол жақтан келе алмады. Ал, бұл уақытта балалардың әкесі сотқа балалардың мекенжайын анықтау туралы арызданған», -дейді адвокаты Олег Корчагин.
Ал, бұрын аналарын жақсы көріп жүрген балалары қазір көргісі келмейтіндей күйде. Анасы бұған әкелерінің ықпалы бар деп отыр.
«Балаларым мүлде басқаша болатын. Әкелері ұрып-соғып, қинап отыр. Балалар қорқып қалған. Мектеп психологінің өзі соны айтып отыр. Балаларды әкесімен қалдыруға болмайды. Олар бақытты емес», – дейді Гюзель.
Гюзльге өзі секілді 30 шақты әйел мұңын шаққан. Олар да балаларына жете алмай жүр. Ал, заңгерлер мұндай жағдайды реттейтін барлық шара қарастырылған деп отыр.
«Егер ата-ана сот үкімін орындамаса, олардан балаларын тартып алуға болады»,- дейді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы Дәурен Саиханов.