Қызметке жүгінген азаматтардың түйткілді сұрағына жауап беріліп, құжаттар дайындауда әдістемелік кеңес берілді
Алматыда «Заң кеңесі» жобасы аясында кезекті жылжымалы мобильдік қызмет ұйымдастырылды. Конституция күні қарсаңында 8 аудандағы сауда үйлерінде қала тұрғындарына тегін заңгерлік көмек ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметке жүгінген азаматтардың түйткілді сұрағына жауап беріліп, құжаттар дайындауда әдістемелік кеңес берілді.
Айта кетейік, қалалық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан жобаның жалғасып жатқанына биыл екінші жыл. Оның аясында заңгерлер адам көп шоғырланған жерлерде тегін қызмет көрсетеді.
«Бізде жиі қойылатын сұрақтар бірі ол – алимент төлеу, ажырасу, мүлікті бөлу мәселесі. Сондай-ақ несие бойынша қойылған бұғаттау жөнінде көп сұрақ түседі. Біз адамдарға барынша кеңес беріп, сұрағының жауабын табуға көмектесеміз», – деді заңгер Қуат Ауғанбек.
Оқи отырыңыз: Жаңақорған ауданындағы ауыл табиғи газға қосылды