Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа бап енгізілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа бап енгізілді
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «қылмысқа арандату» деген бап енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, аталған бап әрекеттердің ауырлығына және салдарына байланысты үш бөліктен тұрады. Заңда жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

«Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі. Ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл ретте, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері, қылмыстың арандатуына жатады», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.


Новости партнеров