Президент Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі.
«Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды» делінген хабарламада.