Алатау ауданындағы инновациялық шығармашылық орталығында балалар үйінің 200-ден астам тәрбиеленушісіне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнерпаздар қойылымнан бөлек, ұлттық сананы оятуға бағытталған күй мен қазақ әндерін де паш етті. Кеш ұйымдастырушылары алдағы күндері шаһардағы бүкіл балалар үйінде отбасылық жылуға зәру балдырғандарға мерекелік күй сыйлауды жоспарлап отыр.
– Қайырымдылық шыршасы Алматыда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара дәстүрге айналады. Атсалысқан жандарға алғыс айтамыз! Балалар үйіндегі балдырғандар ерекше қуанды. Концерттік бағдарламада ұлттық ән-күй де шырқалды, – деді Қазақстан балалар үйлері түлектері қауымдастығының президенті Рафаэль Гасанов.
Оқи отырыңыз: Мәслихат депутаттары Алматының дизайн-кодын бекітті