Қазақстанда ЭЦҚ беру тәсілі өзгереді

02.08.2024 в 20:56

Файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесі қарастыруда

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру өзгереді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ОКҚ-не сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мәлімет таратты. 

ОКҚ-да өткен брифингте сөйлеген сөзінде Әбдіқалықов ведомство файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарастыруға ниетті екенін айтты.

- Сіздер білесіздер, биометриялық сәйкестендіру, яғни бұлтты ЭЦҚ белсенді дамып келеді. Сондай-ақ таңбалауыштар, бөлінбейтін тасымалдағыштар өте сенімді, олардан ЭЦҚ-ны алу мүмкін емес. Бұл ретте цифрландыру кезеңінде біздің елімізде барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс файлдық тасымалдағышпен ЭЦҚ беру болды. Тиісінше, файлдық тасымалдағыш арқылы ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді, - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Оқи отырыңыз:Түркияда Instagram-ға кіруге тыйым салынды