|
02.08.2024 | 13:05
576

Түркияда Instagram-ға кіруге тыйым салынды

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері істемей тұр

Түркияда Instagram-ға кіруге тыйым салынды elements.envato.com

Түркия билігі елде Instagram әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Риа-Новостиге сілтеме жасап.

- 2 тамызда Instagram.com сайтына кіру Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар кеңесінің шешімімен бұғатталды, - деді реттеуші.

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері мобильді құрылғыларда да, компьютерлерде де ашылмай тұр. Сонымен бірге, 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтун Палестина саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қаза болғаннан кейін қолданушылардың көңіл айту хабарламаларын жариялауына "белсенді түрде кедергі жасағаны" үшін әлеуметтік желіні айыптады. 

Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, "жаһандық қанаушы әділетсіздік жүйесіне" қызмет ететінін бірнеше рет дәлелдеген платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді. 

Айта кетейік, 2 тамызда Түркияда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнін жариялады. 

Оқи отырыңыз:Үндістандағы көшкіннен қаза тапқандар саны 150 адамнан асты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир