|
13.09.2020 | 15:07
4873

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты

1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты pkzsk.info

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды. Әйел сөйлесуден бас тартқан, бірақ Әйелдерді қолдау орталығындағы қызметкерлердің көмегі арқылы полицейлер оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген.

«Қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өзінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді СҚО ПД Криминал полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Олар Криминал полиция қызметкерлері Әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе атқаратын профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде табылған. Бір азамат Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының адам сатуға қарсы қызметінің жедел желісіне (116-16 нөміріне) хабарласқан және олар әрі қарай СҚО полицейлеріне жеткізген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир