Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қонаев қаласындағы казиноларды жабу мүмкіндігіне қатысты түсінік берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қонаев қаласындағы (бұрынғы Қапшағай қаласы) казиноларды жабу мүмкіндігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде әлі талқыланбады. Менің ойымша, Қонаев қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, осы тақырып бойынша қосымша талқылау болады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы қадамдар егжей-тегжейлі пысықталады», - деді Ә. Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлібек Қуантыров жаңадан құрылған облыстарда инфрақұрылым мен жолдардың сапасына қатысты проблема бар екенін айтты.
Өткен аптада Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды, Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ал Жетісу облысының әкімі қызметіне Бейбіт Исабаев келді.