2028 жылға қарай елімізде қанша зейнеткер болады

27.12.2022 20:08

Олардың саны енді 400 мың адамға артады

ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда зейнеткерлер саны қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Елімізде жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнеткерлікке шығады, оның 50 пайызы әйелдер. Енді шамамен 150-160 мың адам зейнетке шығады. Бүгінде 2,2 миллион зейнеткер бар. 2028 жылдан бастап 2,5-2,6 миллион адам болады деген болжам бар", - деді Дүйсенова.

26 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды.