«Дом» қайырымдылық қоры ерекше Жаңа жыл кешін ұйымдастырды

«Дом» қайырымдылық қоры ерекше Жаңа жыл кешін ұйымдастырды
Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры балаларға тамаша көңіл күй сыйлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылдық шырша мерекесін ең алғашқылардың бірі болып «Дом» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Олар бұл үрдісті дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі, дамуында кемістігі бар балғындарға, ауыр кеселмен күресіп жүрген бүлдіршіндерге аталған ұйым жаңа жылдық шырша қойып, мереке жасап берді. Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының әртістері балаларға мерекелік қойылым қойып, тамаша көңіл күй сыйлады.

«Біздің қордың қарамағындағы балғындар қандай да бір мерекелік шараға қатысқан кезде өздерін ыңғайсыздау сезінеді. Дамуында кемістігі бар балалар немесе мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мұндай мерекелерде әдетте шетте қалып қояды. Сол себепті біз өз балаларымызға нағыз мейрам ұйымдастыруды жөн санадық. Олардың әрқайсысына жеке көңіл аударып, арбаға танылғандары болса, оларға да қызықты болатындай етіп түрлі сайыстар өткізіп, ойын ойнаттық», – дейді «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан САИН.

Новости партнеров