2025 жылдан бастап аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді

egemen.kz
egemen.kz
Заңға енгізілген өзгерістер келесі жылы 1қаңтардан бастап күшіне енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдан бастап бүкіл аудан-қала әкімдері сайлау арқылы қызметке келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде саяси науқан өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25 пайызы, 2024 жылы - 25, ал 2025  жылы барлық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайлау арқылы тағайындалады. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, заңға енгізілген өзгерістер келесі жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауы қазіргі заң бойынша өткізіледі екен.      

«Сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді – бұл әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және басқа да өзгерістер», – деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Новости партнеров