Бұл ұсыныс бүгін «Отбасылық медиация: түсіністік пен келісім жолы» атты дөңгелек үстел басында талқыланды. Жиынға қатысқан қоғам қайраткерлері жанұялық мәселелерді сотқа жеткізбей медиация арқылы оңтайлы шешу жолдарын іздеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінде медиация саласы бойынша қаладағы тек бір ауданда «Отбасылық сот» атты пилоттық жоба жұмыс жасап жатыр. Аталмыш шара аясында өткен жылы ажырасу саны азайды дейді мамандар.
«2019 жылы басталған бағдарлама биыл да жалғасын табуда. Әлі де жұмыс істейміз. 22019 жылдың нәтижелеріне келсек, сотқа 1719 талап арыз түскен», - дейді №2 Әуезов аудандық сотының төрағасы Ербол ТҮЛЕЕВ.
Статистика бойынша ажырасуға 85 пайыз жағдайда әйелдер арыз-шағым түсіреді екен. Шараны ұйымдастырушылар бала құқығын қорғау мақсатында мұндай жобалар ауадай қажет дейді.
«Ендігі негізгі мақсатымыз отбасылық институт ары қарай қалыптастырып, сөзін өткізе алатын елге белгілі азаматтардың арасынан топ құрып, үйленуге бет бұрған және ажырасуға ниет етіп отырған азаматтарға өзіміздің тұүсіндіру жұмыстарын жүргізу болып отыр», - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» ММ сарапшысы Нұрсәуле ӘЛТЕКОВА.