Референдумға дейін:
17
күн
19
сағат
17
минут

Қарағандыда оқушы сабаққа бармас үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан

Almaty TV
Almaty TV

Тексеру барысында ақпарат расталмады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

арағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте болды. Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы “жарылғыш зат” туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының “жалған терроризмге” қатысы бар екенін анықтады.

«Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмегендіктен осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Аталған жағдай мұндай “әзілдің” орынсыз екенін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 50-ден астам гүлзарды талқандаған вандал ұсталды

Новости партнеров