Олар елге заңсыз әкелінген
Жамбыл облысында құны 171 млн теңгеден асатын электронды темекі өнімдері тәркіленді. Олар елге заңсыз әкелінген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вейптердің саны 49 мыңнан асады. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарынша, сот үкімін орындау шешімімен электронды темекі өнімін жою жұмысы жүргізілген. Бұған дейін Әулие ата өңірінде заңсыз өнімдердің тасымалына қатысты тағы 3 факті анықталған.
– ҚР аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті іс-шаралар қабылданды. Биыл Жамбыл облысында 3 факті анықталда. Тәркіленген вейптердің саны шамамен 350 млн теңгеге жуық 175 мың дана болды, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында көше жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр