Алматыда ЭКО жасауға 800 квота бөлінді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылуда. Осы бағдарлама шеңберінде ЭКО-ға квота саны 7 есеге ұлғайтылды, оның ішінде Алматыға 2021 жылға бөлінгені 800-ге жуық квота. Салыстыру үшін 2020 жылы 130 квота бөлініп, пайдаланылды.

ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.

Бүгінгі күні басқарманың кезегінде 700-ге жуық әйел бар, оның 400-і 2020 жыл ішінде өтініш берген.

ЭКО процедурасына өтініш беру үшін тіркелген емханаға бару керек, сол жерде тексеруден өткен соң, процедураға жібереді.

Новости партнеров