Алматылықтар Нағашыбай Шәйкеновті еске алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жиынға 600-ге жуық өскелең ұрпақ пен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы оқушылар сарайында еліміздегі құқықтық реформаның авторы Нағашыбай Шәйкеновті еске алу жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

600-ге жуық өскелең ұрпақ пен қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан отырысқа Медеу аудандық ардагерлер кеңесі жанынан «AMANAT» партиясымен бірлесіп құрылған «Жас ұрпақ» ақпараттық-танымдық орталығы мұрындық болды. Мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің өмір жолын жастарға үлгі ретінде насихаттайтын басқосу төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

– Нағашыбай Шәйкеновпен жұмыс бабында 1-2 рет кездескенмін. Ол кісі шын мәнінде, жанашыр, қазақ десе жанын беретін адамдардың бірі болды.  Оның есімі тарихта қалуы керек, – деді Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахтияр Камалов.

Нағашыбай Шәйкенов әр жылдары Президент кеңесшісі, Әділет министрі, Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік заң университетінің негізін қалап, тұңғыш ректоры болды. Ұйымдастырушылар келешекте елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмір жолын еске алуға арналған отырыстар жалғасын табатынын айтады.

– Еліміздің жас буыны тарихын білуі тиіс. Мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды ұмытпағаны жөн. Нағашыбай Шәйкенов – өте сауатты, жан-жақты дамыған, шыншыл, жаңашылдыққа бейім тұлға болды. Өз ұстанымына беріктігінің арқасында еліміздің заң жүйесін бір арнаға бұрды, – деді Н. Шәйкеновтің жары Лидия Шәйкенова.

Оқи отырыңыз: Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады

Новости партнеров