Жас өнерпаздар Батумиден 5 гран-примен оралды

30.08.2019 00:21

Грузияда өткен додаға Қазақстаннан 20 жеткіншек қатысты

Almaty.tv

Грузияның Батуми қаласында өткен өнер бәйгесінен бас жүлдемен оралған өнерпаз балалар енді Францияда ұйымдастырылатын халықаралық байқауда бағын сынамақ. Халықаралық жарыс қараша айында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Грузияда өткен додада әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 200 бала өнер көрсеткен. Оның ішінде Қазақстан намысын 20 жеткіншек қорғаған.

«Қуантарлық жағдай біздің балалар ол жақтан жүлделі оралды. Яғни 5 гран при, 1-орын 5 бала, екінші, үшінші орындар алды. Және тағы бір айта кететін жайт ол байқауға 10 мемлекеттен қатысты яғни Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония, Түркия, Грузия мемлекеттерінен қатысты», – деді продюсер Лариса МАҚСАТҚЫЗЫ.

«Осы жазда мен Грузияның Батуми қаласындағы Golden Argo байқауында. француз тілінде «Derniere danse» әнін орындап, вокал номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алдым. Енді Францияда өтетін байқауға барамын», – деді Әнел ӘБДІБЕКОВА.