Б. Сағынтаев: Серпінді стартап жобалары қажет

Б. Сағынтаев: Серпінді стартап жобалары қажет
Егер сіз қаланы жақсы жаққа өзгертуге дайын болсаңыз, 30 маусымға дейін өтініш беріңіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаев «Smart City» тұжырымдамасы негізінде қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптарға арналған акселерация бағдарламасының іске қосылған хабарлады. Бұл туралы қала әкімі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы – цифрландыру мен инновациялар қаласы. Бүгінде бізге қауіпсіздік, ТКШ, денсаулық сақтау, туризм индустриясы, ақпараттандыру, білім беру, көлік, қаланы басқару/үйді басқару, экология, энергетика және құрылыс сынды салаларда серпінді стартап жобалары қажет.

Біз Smart City тұжырымдамасы негізінде қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартаптарға арналған акселерация бағдарламасын іске қостық.

Болашағы бар және жүзеге асыруға дайын жобаларды қолдауға дайынбыз. Сондықтан егер сіз қаланы жақсы жаққа өзгертуге дайын болсаңыз, 30 маусымға дейін өтініш беріңіз», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Новости партнеров