А.Таспиховтың өкілдері Ақтөбе қаласы кәсіподақ ұйымының жетекшілерімен кездесті

22.05.2019 20:12

Орталық кәсіподақтар мен салалық және бастауыш ұйымдардың байланысын арттыру қажет. Бүгінде әрбір мекеме мен өндірісте  кәсіподақ барын, олардың болашақта  ынтымақтаса жұмыс істеуі үшін қандай  жоба-жоспарлар жасалып жатқанын Қазақстан Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың  сенімді өкілдері Ақтөбе қаласында өткен  салалық кәсіподақ ұйымының  жетекшілерімен кездесуде  айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір кәсіподақ федерациясының басымдық беріп отырған ең негізігі  мәселелері  –  қызметкерлердің еңбегіне лайықты жалақы беру және келісім-шартты дұрыс жасау. Осы талаптар  тиянақты орындалса, қарапайым еңбек адамының құқы бұзылмайды дейді олар.  Ал бұл – жұмыс салалық кәсіподақ ұйымының ең басты міндеттерінің бірі.

«Бастысы бастауыш ұйымдар салалық кәсіподақ арасындағы байланыс мықты болуы керек. Біздің кәсіподақтар федарциясының негізгі мәселесі осы. Осыны үйлестіргенде ғана  әлеуметтік мәселелер реттеледі», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық штабының тең төрағасы Сатыпалды ДӘУЛЕТАЛИН.