Бүгінде бұл іс бойынша айыпталушылар қамауға алынды
Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігі анықтағандай, 2012-2017 жылдар аралығында олар қайтарымсыз несие беру арқылы банктің ақша қаражатын шығарған. Бүгінде бұл іс бойынша айыпталушылар қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттен келген шығын көлемі 200 млрд теңге, 200 млн АҚШ долларын және 4 млн еуроны құрайды.
«Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарынан жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік объектісіне және 40 көлік кепілдікке алынды. Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия мен Чехияда орналасқан активтерге тыйым салынды», - деді ҚР ҚМА аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.