Жазғы мектеп: Алматыдағы медиаторлар ҚХА өкілдерімен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Былтыр орталық былтыр 4000-нан аса медиация жүргізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы медиаторлардың халықаралық жазғы мектебіне қатысушылар ҚХА өкілдерімен кездесті. Біліктілікті арттыруға арналған биылғы іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркиядан келген кәсіби медиаторлар қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – саладағы кәсіби халықаралық байланыстарды нығайту.

Айта кетейік, елімізде бұл институт жанжалдарды шешудің сотқа балама тәсілі ретінде 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданған сәттен бастап өркендей бастаған. «Халықаралық құқық қорғау орталығы» бірлестігі жанынан құрылған орталық былтыр 4000-нан аса медиация жүргізіп, 9 миллиард теңгеден асатын дауды реттеуге қатысқан.

– Жазғы мектептің басты мақсаттарының бірі – Орта Азия елдері медиаторларының біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасуына қолдау көрсету. Медиацияны құқықтық реттеу ерекшеліктері - бүгінде маңызды тақырыптардың бірі. Жазғы мектепке қатысушы елдердің барлығында дерлік аталған институт жылдан жылға ілгері дамып келеді. Сондықтан мұндай іс-шараның маңызы зор, – деді медиация орталығының директоры Гүлсина Қожоярова (Қырғызстан).

– Басты міндетіміз – келісімде өмір сүруді қамтамасыз ету. Сот жүйесіндегі жұмыстарды жеңілдете түсеміз. Жанжалға ұшыраған екі тарапты келісімге келтіру, екі жақ үшін де ұтымды болатын шешімді ұсыну – біздің жауапкершілікте. Медиаторлардың жұмысы Еуропа елдерінде, Жапонияда жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді, 70 пайыздан аса істі келісіммен шешуге мүмкіндік береді, – деді заң ғылымдарының докторы Фозилжон Отахонов  (Өзбекстан).

Оқи отырыңыз: 



Новости партнеров