Қант тапшылығы азаяды

stan.kz
stan.kz
Келесі айда елге қажетті құмшекер артығымен жеткізілетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қант тапшылығы азаяды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, келесі айда елге қажетті құмшекер артығымен жеткізілетін болады. Қант зауыттары шамамен 41 мың тонна қант өндіруді жоспарлаған. Қазір республика бойынша қанттың жалпы қоры - 118 мың тонна.  Нарық 169%-ға қамтамасыз етілді. Министр сондай-ақ, өзіндік құнынан бағасы төмен қант жеткіліксіз болатынын жеткізді.

«Тамыз айындағы қант теңгеріміне келер болсақ, болжамды қажеттілік 69 ,8 мың тонна. Бұл тұтынудың ең жоғарғы көлемі болып табылады. Тамыз айы республика бойынша қанттың қоры 35 мың тонна деп жоспарланып отыр. Қант импорты 42 мың теңге деңгейінде күтіледі»,- деді Ербол Қарашөкеев.

Министр қант бағасының қанша болуы керек екенін де айтып өтті. Қант құрағы шамамен екі есе өсіп, 476 долларға дейін қымбаттаған. Логистика шығындары да 2,6 есе өскен. Нақтырақ айтар болсақ, 110 доллардан 290 долларға дейін қымбаттаған.

«Бұл жағдай отандық қант зауытында құрақ қанттың өзіндік құнының өсуіне себеп болды. Қазіргі таңда зауыттар 1 келі қантты 450 теңгеге сатады. Оның үстіне көтерме және бөлшек сауда сатушылары қосатын 15% үстеме бағаны ескерсек, қанттың бір келісі шамамен 595-600 теңге болуы тиіс», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бағаны тұрақтандыру жөніндегі шара аясында өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатып жатқанын атап өтті. Ал бұл дүрбелең мен үлкен сұранысқа алып келіп жатыр.

Мысалға айтар болсақ, Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан.

Ведомство басшысы ішкі нарықта коммерциялық қанттың көлемі жеткілікті мөлшерде екенін айтты.

Новости партнеров