Дүниежүзілік экономикалық форум құрастыратын туризмнің жаһандық рейтингісінде Қазақстан «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» көрсеткіші бойынша алдыға шықты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәлімдеуінше, туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынға көтерілді. (2019 жылы 140 елдің ішінде 80-орын).
«Еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді», - делінген хабарламада.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер шамамен 7 млнге жетіп, рекорд орнатылды.
Алғашқы жарты жылда Щучинск-Бурабай курорт аймағына 550 мың адам барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Жазғы маусымда «Шымбұлаққа» 240 мыңға жуық адам саяхаттап келген. Бұл былтырғы маусымға қарағанда 90 мыңға көп. Министрлік нақты көрсеткіштерді маусым аяқталғаннан кейін жариялайтын болады.
Ұлттық парктерге биыл 2 миллионға жуық адам барады деп болжап отыр.
2022 жылдың бірінші тоқсанының көрсеткіштері төмендегідей: