Алматы - еліміздегі тұрғын үй қоры ең көп шаһар. Бүгінде қалада 8 400 көпқабатты үй бар. Ал, жыл өткен сайын баспана алуға кезекке тұрғандар саны өсіп келеді. Бұл халық санының өскендігін білдіреді. Қазіргі таңда үй кезегінде 25 мың 533 азамат тұр. Аталған көрсетшкіш былтырғыдан 4 жарым мың адамға көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2019 жылы 3 162 адам қоныс тойын тойлады. Оның 520-сы көп балалы отбасы, 114-і балалар үйінің түлегі. Сондай-ақ, 1050 жұмыс істейтін жасқа жалдамалы пәтер кілті табысталды.
«Осы бағдарламамен бергеніне өте қуаныштымыз. Өйткені өте үлкен мүмкіншілік. Депозит - шотымыздағы ақшаны толықтырып болашақта өзіміздің үйімізге ие болуға зор мүмкіндік», - деді Мадина БЕРМҰРАТОВА.
Алматылықтарды жеке баспанамен қамтуға бағытталған мұндай жобалар биыл да жалғасады. Тағы да тұрақты жұмысы бар 1050 азаматқа жалдамалы пәтер беріледі. {ГРАФИКА - 2} Жалпы 2020 жылы 3 мың 810 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 1300-ден астам пәтер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріледі.
1-кесте:
2019 жылы - 3 мың 162 адамға үй берілді
- 520 пәтер - көпбалалы отбасыларға;
- 114 пәтер - балалар үйінің түлектеріне;
- 1050 жалдамалы пәтер - тұрақты жұмысы бар жастарға;
2-кесте:
2020 жылы 3 мың 810 пәтер беріледі
- 1050 жалдамалы пәтер - тұрақты жұмысы бар жастарға;
- 1300 пәтер "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша;