500 теңгенің әлегі: Жетісу облысында төбелес соңы атысқа ұласты

elements.envato.com
elements.envato.com
Іс әскери-тергеу басқармасында қаралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәртіпсіздік Жетісу облысында да азаймай тұр. Өткен демалыс күндері мұндағы ойын-сауық алаңында жанжал болып, төбелестің соңы атысқа ұласқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган мәліметінше, орталық әкімшісі тұтынушыдан тапшан үшін ақы төлеуді сұраған, кейіннен екеуі сөзге келіспей қалып, жаға жыртысқан. Оқиға орнында тіпті әскери сала қызметкері жараланып, көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше қоғамдық орында шу шығарғандардың бәрі ұсталды, ал аталған іс әскери-тергеу басқармасында қаралады.

– 2024 жылы 15 маусымда «Папиллом» сауықтыру демалу орталығында болған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Төбелесті бастаған тұлғалар анықталды, – деді Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.

Оқи отырыңыз: Таразда көлік көшедегі үлкен шұңқырға түсіп кетті

Новости партнеров