|
09.09.2022 | 15:13
660

Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезі: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Басқосуға белгілі қазақстандық сарапшылар мен теолог ғалымдар қатысты

Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезі: Алматыда дөңгелек үстел өтті

Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында бүгін Алматыда дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі замандағы рухани және өнегелік құндылықтарды нығайтудағы діннің орны» атауымен өткен жиында дін өкілдері арасындағы диалогтың маңыздылығы, діни бірлестіктердің міндеті талқыланды. Басқосуға белгілі қазақстандық сарапшылар мен теолог ғалымдар қатысып, дәстүрлі діннің рөлін қайта ойластыруды ұсынып, рухани әртүрліліктің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретін перспективаларға ден қойды.

«Әр дін басының артында үлкен бір мемлекет тұр. Яғни біз дінбасылар осы мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп, оң шешімін табуға, әлемде бейбітшілікті, ауызбіршілікті насихаттауға өзінің бір септігін тигізеді деп ойлаймыз. Екіншіден, Қазақстанның әлемде бейбітшілік сүйгіш ел екендігін тағы да бір рет дәлелдейді. Әлемдік аренадағы өзіндік орнын жоғарылатуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир