Алматыда жаңа маршрут іске қосылады

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Осыған байланысты №23 және №78 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Асыл Арман шағынауданынан Ташкент тракті бойымен - Райымбек даңғ.- Жетісу көш. - Тәттібеков көш. - Халиуллин көш. - Есіл көш.- Талғар трактісі- Бұқтырма көш. Орынтай ықшамауданына дейін жүріп өтіп, кері бұрылып, кері бағытта жүреді.

Осыған байланысты №23 және №78 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жүріп өтеді. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді. 

Ал №78 маршрут Ташкент трактісімен қозғалған кезде енді Алатау даңғылына бұрылып, Абай даңғылымен Б.Момышұлы станциясына дейін жүріп өтіп, кері айналып, кері бағытта жүреді. 

Сонымен қатар, Нұр Алатау шағынауданында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 қыркүйектен бастап №30 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

Оңтүстік бағытта - Жароков көшесі - Исиналиев көшесі - Алматы көшесінде кері айналу - "Алматы көшесі" бақылау нүктесі. Солтүстік бағытта - қозғалыс "Алматы көшесі" бақылау нүктесінен басталады. 

Новости партнеров