Мамандар төтенше жағдай кезінде ресми ақпаратқа сенуге шақырады

Polisia.kz
Polisia.kz
Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мамандар төтенше жағдай кезінде тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады. Кеше әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде Алматыда жер сілкінісінің екінші толқыны болады және оның магнитудасы 13 балға жетеді деген түрлі ақпарат тараған. Ресми органдар оның бәрі қауесет екенін айтып, елді дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында 4-қабат құлап, астында 4 студент қалды" деген ақпарат та желіде желдей ескен болатын. Жоғары оқу орны мұның да жалған ақпар екенін жеткізді.

– Жалған ақпараттарға сенбеуді сұраймыз. Қазіргі таңда университетте төтенше жағдайлар болған жоқ. Төтенше жағдай болған кезде университетімізде кітапханада, бас ғимаратта қауіпсіз орындар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі таңда тексеру нәтижесінде көз жеткізгеніміз - №8, №6 жатақханалардың 4-қабатында қабырғалар ажыраған. Бірақ адам өміріне қауіп жоқ, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Сәбит Суатай.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мегаполисте түнде болған жер сілкінісінен көз жұмғандар жоқ екенін айтты. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Новости партнеров