Белгілі мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаев қайтыс болды
kostanay1879.ru
Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында жариялады.
"Жаңа ғана Серікбай Әлібаев қаралы хабарды жеткізді. Бүгін Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев қайтыс болыпты", - деп жазды Жүнісова.
Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында туған.
Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35