|
15.08.2022 | 18:45
98979

Бесағашта бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың қайда болғаны белгілі болды

Ол бүгін Бесағаш ауылына өзі келген

Бесағашта бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың қайда болғаны белгілі болды Almaty.tv

Алматы облысы Бесағаш ауылында табылған 22 жастағы қыздың осы уақытқа дейін қайда болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бойжеткеннің айтуынша, оны бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған ер адам алдап, 8 тамызда өзімен бірге Қордайға алып кеткен.

«Мені Қордайдағы Көкадыр деген жерге алып барды. Ол жігіттің үйі емес, сол жерде мал бағады екен. Жасы 26-да Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының тумасы. Маған сол жердегі адамдарға «үйленгенімізге бір ай болды» деп айт деді. Ол жерде біз 2 бөлмелі үйде тұрдық», - деді қыз.

Ал бүгін бойжеткенді алып кеткен азамат өзі автобусқа отырғызып Бесағаш ауылына салып жіберген. Қазіргі таңда қыздың жағдайы жақсы.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен 22 жастағы бойжеткеннің табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир