Air Astana төңірегінде тағы да шу шықты

Өнер жұлдыздарының әуе компаниясына өкпесі қара қазандай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Air Astana әуе компаниясы төңірегінде тағы да шу шықты. Белгілі кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай барлық талаптарды орындағанына қарамастан, өзінің заңды орнына отыра алмағанын айтып күйінді. Осы уақытқа дейін әуе компаниясын дау-дамайдан қорғап келген Нұртас бір шикіліктің барына енді көз жеткізгенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Эйр Астана» әуе компаниясына деген көзқарасым қашанда жақсы болатын. Бірақ бұл жолы бәрі өзгерді. Әуежайға уақытылы келдім, рейске тіркеле бастадым. Бір кезде жүйедегі қателіктің кесірінен бизнес-кластан орын бере алмайтындарын айтты. Шын мәнінде, борттағы орын санынан қарағанда билеттерді артығымен сатады дегенді естіп едім. Бірақ өз басым мұндаймен тұңғыш рет ұшырастым. Сонда олардың көбірек пайда тапқысы келгендігінен, жолаушылар жапа шегуі керек пе?» - дейді Адамбай.

Бір қызығы, мұндай жағдай Адамбайдың әріптестерінің де басынан өткен екен. Мәселен, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова мұндайды үш рет бастан өткергенін айтады. Атақты опера әншісі Нұржаман Үсенбаева да «Эйр Астананың» құрбаны болған екен.

«Нұртас, менің анам жақында елордадан Алматыға келді, оған да дәл осылай еткен. "Тіркеу біткенше күтіңіз, біреу келмей қалса, соның орнына отырасыз" деген. Бірақ анам күні бұрын билет алған болатын», - дейді әншінің қызы, танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова.

Новости партнеров