Биыл Тарауих намазын жамағатпен оқуға рұқсат етіле ме

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бүгін мешіттерде арнайы шара ұйымдастырылып, көпшіліктің сұрақтарына жауап беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ораза - айлардың сұлтаны. Дұға-тілектердің қабыл болып, сауаптың еселенетін уақыты. Осылай деген Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан барша мұсылман жұртын құттықтап, Рамазанда ниет етіп, ораза ұстайтын жамағатқа қажетті мәліметтерді бөлісті,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімімен, биылғы оразада Тарауих намазын жамағатпен оқуға және көптің басын қосып, ауызашар беруге рұқсат етілді.

«Бүгін екі жылдық үзілістен кейін  жамағат Тарауих намазына қайта сап түзейін деп отыр. Бұл сәтті мұсылмандар асыға күтіп отыр. Амандық берсе, бүгін кешке Қазақстанның бүкіл мешітінде Тарауих намазы басталады. Бұл – Рамазан айына ғана тән намаз. Одан бөлек, ауыз ашар беруге ниетті кісілер қаншама мұсылман жамағатына дастархан жаятын болады», – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.

Новости партнеров